2019 жылғы 10 қазанда «Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасы аясында Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы және мәдениеті мұражайында «Туған жер - 2019» аймақтық өлкетану оқулары өтті.
Осымен үшінші рет Лисаков туған жерінің тарихына кәсіби қызығушылықтары бар адамдардың басын қосқан орын болды. 2019 жылы өлкетану жұмыстарының нәтижелерін таныстыруға Қостанай облысының мұражай, мұрағат, кітапхана қызметкерлері қатысты. Іс - шараның тұрақты қатысушылар қатарында - Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты Мемлекеттік есепке алу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М. А. Алексеенко, Денисов ауданының тарихи - өлкетану мұражайының, Рудный қаласының тарихи - өлкетану мұражайының, Елизаветинка ауылдық кітапханасының қызметкерлері (Б. Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ОКЖ) қызметкерлері болды. Зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен Лисаков мұражайының қызметкерлері де бөлісті.
Баяндамалардың тақырыбы ежелгі тарихқа қатысты болды. Ең бірінші Андронов костюмі және XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың бірінші жартысында Жоғарғы Тобольдің тарихы туралы айтылды. Ұсынылған басқа зерттеулердің ішінде Лисаков тұрғыны, Ауғанстандағы оқиғаларға қатысушы - Н. И. Савин, Лисаков қаласының Құрметті азаматы - О. Х. Айдосов, белгілі суретші - Валерий Сейтбаталов тарихшылардың жұмыстарындағы басты кейіпкерлері болды. Ққостанай, Рудный және Елизаветинка мамандары өз өлкелеріндегі ескерткіштер мен ұмытылмас жерлері сырлары туралы айттып берді. Тұсаукесерге Лисаков қаласының барлық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Алдағы мұражайдағы өлкетану оқулыранының жинағы үшін өлкетанушы - зерттеуші А. А. Шефер жіберді өз мақаласын жіберген. А. А. Шефермен біздің мұражайдың 2010 жылдан бері серіктестігі жалғасуда, жарияланым үшін мақалалардан басқа А. Шефер музей мұрағатына Дамбар және Валерьян болыстарының тарихы туралы баяндайтын бірегей құжаттардың суреттерін жібереді. Сонымен қатар, бірнеше жыл қатарынан ҚР мәдениет қайраткері - Э. Р. Усманова, Қарағанды облысының ғылыми қауымдастық өкілі - М. К. Лачкова ғылыми мақалалардың авторлары болып саналады. Қостанай облысының Ұзынкөл ауданы Пресногорьковка ауылынан тарих пәнінің мұғалімі С. Н. Виниченко үшінші жыл сырттай қатысып келеді.
Өлкетану оқуларында ұсынылған қатысушылардың еңбектері 2020 жылы «Туған жер. Қостанай облысының тарихы өлкетану зерттеулерінде» жинағында басылып шығарылады. Аймағымыздың тарихи - мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және танымал ету - «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасының мақсаты.
https://lisakovsk-museum.kz/kz/novosti-kz/643-tu-an-zher-2019-irlik-lketanu-o-ulary-tu-an-zherdi-tarikhy.html#sigFreeId8cc21f15e7